ЖСЛ краудфандинг туралы есебі

6 қаңтарда ҚЖАҚ бақылаушыларға түскі асқа краудфандинг науқанын іске қосты.

Тіпті жинауды тоқтату туралы хабарланғаннан кейін де қаражат түсе берді, жеткілікті болған ақша ағынын тоқтату үшін оны алушының картасы бірнеше рет бұғатталды.

Біздің сайлау күні бақылаушыларымызға осындай қолдау танытқан әрбір адамға айтар алғысымыз шексіз. Сіздердің арқаларыңызда Жас сайлаушылар лигасының бақылаушылары ыстық түскі ас, кешкі ас, ыстық шай мен кофе алды, сонымен қатар сайлаудан кейін pizza-party-ге жиналып, өздерінің кішкентай жеңістерін атап өтті.

Құрметті қайырымдылық жасаушылар, сіздер бізге 946 243 теңге (6 қаңтардан 10 қаңтарға дейін) жібердіңіздер.

Біздің бақылаушыларымыздың жартысы дерлігі, басым бөлігі себебін түсіндірместен, сайлауға екі немесе бір күн қалғанда бақылаудан бас тартты, сондықтан ақша тым көп болып кетті. Сайлаудан бір күн бұрын, сайлау күні және одан кейін бірнеше күн есеп-картасын дайындау кезінде біз осы соманың жартысынан аз ғана көбін тамақтануға жұмсадық.

Ақшаны қалай болғанда да тағайындалуына қарай жұмсау үшін біз бақылаушыларға пиццадан ауыз тиіп, жұмысымыздың нәтижелерін талқылауды ұсындық.

Осылайша, біз жиынтығында 946 015 теңге (9 қаңтардан 20 қаңтарға дейін) жұмсадық.

Сонымен, біздің теңгеріміміз келесідей:

Түсім:946243 теңге
Шығындар:-946015 теңге
Теңгерім:228 теңге

Картаға түскен барлық түсімдерді, сондай-ақ одан жасалған төлемдер мен аударымдарды осы папкадан көре аласыз.

Осы жерде, қараңыз, барлық түсімдер мен шығындар есептелген файл бар, онда әрбір шығынға төлемді растайтын чектер мен түбіртектер салынған папканың нөмірі берілген.

Соңында, осы папкадан барлық чектер мен түбіртектерді қараңыз.

*Бізде тамақтанумен байланысы жоқ бірнеше шығындар болды: штаб орналасқан ғимараттың әкімшілігі кеңсеге кварц шамы мен шынтақ санитайзерін орнатуды талап етті – біз оларды OLX-тен арзан бағада таптық; сондай-ақ таксиге, ұялы байланысқа жасалған бірнеше шығын болды, бір рет Шымкенттің бақылаушыларына арналған маскалар мен қолғаптарға шығын жасадық.

Жоғарыдағы сілтемелермен жүріп, толық есеппен танысуға болады.

Баршаңызға жасаған аударымдарыңыз үшін, осы бір қиын күні көрсеткен қолдауларыңыз үшін тағы да зор алғыс!


Ары қарай оқу: