ЖСЛ 20:00-ге: учаскелердің жабылуы, негізгі бұзушылықтар

ЖСЛ берген деректер бойынша сағат 10 қаңтар күні сағат 20-ға алғанда елдегі 128 учаскедегі келушілер саны 45 453 адамды құрады, оның ішінде Нұр-Сұлтандағы 18 учаскеде: 9 777 адам, Алматыдағы осы сәтте есебін беріп қойған 68 учаскеде: 18 828 адам, Петропавлдағы 8 учаскеде – 3230 адам, Семейдегі 14 учаскеде – 10440 адам, Батыс қалалардағы 12 учаскеде – 7319 адам және қалған қалалардағы 8 учаскеде – 4 268 адам.

Осы сәтке дейін Лига көптеген бақылаушыларды учаскелерге жібермеу және учаскелерден шығарып тастау жағдайларына тап болды: күні бойы учаскелеріне жіберілмеген бақылаушылар - 15, сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау, Орал, Шымкент, Жаңаөзен, Қостанай қалаларындағы учаскелерден бақылаушыларды шығарып жіберу - 12. Оның ішінде 3 рет бақылаушыларды қатаң түрде, полиция шақырта отырып, шығарып жіберген. Бақылаушыларды жібермей қою және шығарып тастау осы күні ең жиі болған бұзушылық. Екінші орында – процедуралық бұзушылықтар.

10 қаңтардың кешіне елдегі 128 учаскеде 81 бұзушылық тіркелді:

  • Бақылаушыларды жібермеу – 15
  • Дауыстар санағын уақытылы бастаған жоқ - 9
  • Бақылаушыға ақпарат беруден бас тарту - 7
  • Бақылаушының учаскеде жүріп-тұруына тыйым салу немесе шектеу - 6
  • Бақылаушыны учаскеде жүріп-тұрғаны үшін учаскеден шығарып тастау - 6
  • Дауыстар санағын жариялаудан бас тарту - 4
  • Дезинфекцияға байланысты дауыстар санағы кезінде бақылаушыларды учаскеден шығарып тастау – 3
  • Үстелді шолудың жоқтығы немесе сайлау комиссиясының нашар көрінуі - 3
  • Алдын ала қол қойылған бюллетеньдер – 2
  • Хаттаманы бермей қоюмен, оны дауыстар санағынан соң 12 сағаттан кейін берумен қорқыту – 2
  • ОСК-дан алынған жолдаманың болмауы/Жарғының сәйкес келмеушілігі салдарынан бақылаушыны учаскеден шығарып тастау - 2
  • Кабинада 1 адамнан артық адамның болуы - 2
  • Бақылаушыны жабу хаттамасын ұсыну туралы өтініші үшін шығарып тастау - 1
  • Сайлау жәшіктерін ашқан кезде полицияның болуы - 1
  • Үйінен дауыс беретін сайлаушыларға баруға мәжбүрлеу - 1
  • Ақпараттық қабырғаны алып кетті – 1
  • Санақ кезінде белгілердің көрінуін шектеді - 1
  • Телефонды алып қойды – 1
  • Қайталап дауыс беру - 1
  • Қорытынды хаттаманы беруден бас тарту - 1
  • Бақылаушыны учаскеге ПТР-тестінсіз жібермеу - 1
  • Әскери киім киінген адамдардың тізімде болмастан, дауыс беруі - 1
  • Бюллетеньдердің және дауыс бергендердің санындағы сәйкес келмеушіліктер - 1
  • Кабинаның ішінде камераның болуы - 1
  • Учаскеден шығарып тастаумен қорқыту - 1
  • Нұсқағыштардың болмауы - 1
  • Комиссия мүшелері жайындағы ақпараттың болмауы - 1
  • Бюллетеньдер санағын учаске жабылғанға дейін бастады - 1
  • Пайдаланылмаған бюллетеньдер жәшікті ашардың алдында өтелген жоқ - 1
  • Бюллетеньдердің жалпы саны анықталған жоқ - 1
  • Комиссия учаскеден дауыстар санағы аяқталғанға дейін кетті – 1
  • Деректерді хаттамаға бірден енгізбестен, санау - 1

Ары қарай оқу: