ЖСЛ талтүстегі бақылау деректері: 3 бақылаушы учаскелерден шығарып жіберілді

Лига Қазақстан бойынша 137 учаскеде бақылау жүргізуде, олардың ішінде 70-і Алматыда, 18-і Нұр-Сұлтанда және 15-і Семейде.

ЖСЛ берген деректер бойынша сағат 12-ге алғанда 137 учаскедегі келушілер саны 13503 адамды құрады, оның ішінде Нұр-Сұлтанның 18 учаскесінде - 3894 және Алматыдағы 70 учаскеде - 6236 адам болды.

26 Сайлау туралы заңды бұзушылық тіркелді.

БЕЛСЕНДІ БАҚЫЛАУШЫҒА АРНАЛҒАН ПОЛИЦИЯ

Нұр-Сұлтанда бақылаушы Фариза Беспаеваны № 163 учаскеде ұстап қаламыз деп қорқытуда. Бақылауға арналған орын негізгі дауыс беру бөлмесінен қызыл лентамен және әйнек қабырғамен бөлінген. Комиссия төрағасы ЖСЛ бақылаушысының сайлау жәшігін, кабиналарды және бюллетеньдер қойылған үстелді тексеруіне мүмкіндік бермей, оның учаскеде жүріп-тұруына кедергі келтірген. Сонымен қатар, төраға да, оның орынбасары да бұзушылықтар туралы актілерге қол қоюға және сайлаушылардың саны жайында хабарлауға келіспеді.

Комиссияның мүшелері полиция шақырып, бақылаушымен жұмыс істеуін сұраған. Құқық қорғау органдарының екі қызметкері келіп, қызды далаға қуып шыққан, Фаризаны ұстап аламыз деп қорқытып, сайлау учаскесіне қайтып оралмауға, үйіне барып, "сайлау жайын ұмытуға" "кеңес берген". Бақылаушы болып жатқан жайтты видеоға түсіріп алмақ болған, бірақ полиция қыздың қолынан телефонын алып алуға тырысқан. Қазір Фариза ҚЖАҚ заңгерімен бірге қауіпсіз жағдайда, біз Нұр-Сұлтанның АСК-ға арыз дайындап жатырмыз.

АСК-ДАН ЖОЛДАМА МА?

Шымкент қаласында бақылаушы Альфред Тагиров 101-учаскеге келіп, комиссияға құжаттарын тапсырған, бірақ одан АСК-дан алған жолдамасының бар-жоғын сұраған. Ол жолдамасының жоқтығын, тек аккредитациясының бар екенін айтқан кезде, комиссия жолдамасыз жібермейтінін уәжге алып, оны учаскеге жібермей қойған.

Бақылаушы сұрақ қоя бастаған кезде, комиссия өкілдері оны учаскеден қуып шыққан және егер қарсылық танытатын болса, полиция шақыратындарын айтып қорқытқан.

Бақылаушының учаскесі өзгертілді, алайда 86-учаскеде осы жағдай қайталанған.

Бақылаушы үшінші аккредитациясын алып, 93-учаскеге барған, бұл жерде де комиссия өкілдері тізімнің бар екенін, ол жерде "Еркіндік Қанаты мен ҚЖАҚ бақылауға жіберілмесін"-деп жазылғандығын мәлімдеген.

Бақылаушы төртінші учаскесі, 98-учаскеге барды, сол жерде ақыры аккредиттелді. Ол сол жерде бір сағат отырып, бұзушылықты байқаған да, комиссияның жанына барған, алайда оған қайтадан ҚЖАҚ-ның бақылауға құқығы жоқ екенін айтқан. Бақылаушыны осыдан кейін шығарып жіберген.

САЙЛАУ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ҚЫСЫМ

Сондай-ақ, кеше, 9 қаңтарда Атырау қаласында бақылаушы Муратбек Каиржанулының қысымға тап болғанын еске сала кетейік. Кешке оның ата-анасына келіп, әкесін оны жұмыстан шығарамыз деп қорқытқан, бақылаушы бақылауға қатысудан бас тартты. Бүгін бақылаушы Жеткиншек Жасталапов таңертең Атырауда №53-учаскеге келіп, оны полиция шақырамыз деп қорқытқан да, учаскеден негізсіз қуып жіберген.

БҰЗУШЫЛЫҚТАР

Біз 10 қаңтар талтүстегі жағдай бойынша келесідей бұзушылықтарды тіркедік:

  • Алматыдағы 240-учаскеде алдын ала қол қойылған бюллетеньдер,
  • Алматыдағы 303, 282, 348-учаскелерде бақылаушыларды жібермеу,
  • Алматыдағы 481-учаскеде дауыс беру сағат 8:30-да аяқталды да, комиссия кетіп қалды, учаске жабық,
  • Алматыдағы 520-учаскеде Сұңқарда жасалған ПТР-тесттің салдарынан учаскеге жібермеу,
  • Алматыдағы 142-учаскеде нұсқағыштар жоқ,
  • Алматыдағы 582-учаскеде бақылаушылардың жүріп-тұруын шектеу,
  • Алматыдағы 256-учаске, бақылаушыны жібермеу, жолдама сұрау,
  • Алматыдағы 391-учаске, бақылаушыдан телефонын алып қойды
  • бақылаушыны жібермеу, жолдама сұрау. Аккредитацияда "жолдама" деп емес, "куәлік" деп жазылғандықтан, Шымкенттегі 101-учаске - қабылдаудан бас тартты.
  • бақылаушыны орын болмағандықтан жібермеу - Шымкенттегі 43-учаске,
  • бақылаушының жіберілмеуі: бақылаушының куәлігі де сол болып табылатын жолдаманы талап етті. Комиссия жіберуге тыйым салынған ұйымдардың тізімі бар екенін де атап өтті – Шымкент 93-учаске,
  • Шымкенттегі 8 және 299-учаскелерде бақылаушыны жібермеу,
  • Тараздағы 278-учаскеде бақылаушыны жібермеу,
  • Семейдегі 253-учаскеде бақылаушының жүріп-тұруын шектеу,
  • Петропавлдағы 639 және 643-учаскелерде бақылаушыны жібермеу.

Лига АСК-ға шағымдарын дайындап жатыр, біздің жаңалықтарымызды қадағалап отырыңыз.


Ары қарай оқу: