Елді басқаруға қатысу – бұл дегеніміз заңдар жасау, мемлекеттік бюджеттің бөлінуін бақылау, экономиканы, денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту бағдарламаларын, әлеуметтік жәрдемақылардың көлемін бекіту және тағы басқаларды. Елді басқару не үшін қажет? Жақсы өмірді аңсап, шет ел асып кетпес үшін, ата-анаңның жанында өз арманыңа ұмтылып, ана тіліңде сөйлеуің үшін және өз балаларыңа осы жерде тәрбие беруің үшін керек. Елді, мысалы, депутат, министр немесе әкім болып басқаруға болады, ал олардың жұмысын бақылау арқылы да сол елді басқаруға болады.
Мұны қалай істеуге болады?